Skip to content

Бүгін, 2025 жылдың 29 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40…

Бүгін, 2025 жылдың 29 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп -лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың күзгі демалысын қызықты өткізу, білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Көшбасшылық қабілеттерін ояту, жан-жақты болуға баулу. Сайыс : “Бәйге”, “Жеті жұрттың тілін біл, “Қызықты тоғыздық”, “Жорға” сияқты 4 кезеңнен тұрды. Ең алдымен, оқушылар бөлініп, Жұлдыздар, “Қырандар” , “Айлар” сияқты топтарға топтастырылды. Әр кезеңнің ұпай санын қорытындылап, санайтын әділ-қазалар алқасы құрылды. Сайыс соңында, 1 орын “Айлар” тобы, 2 орын “Қырандар” тобы, 3-орын “Жұлдыздар” тобы иеленді. Құттықтаймыз!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *