Skip to content

«ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР» жарысы Бүгін 2024 жылдың 22 қараша күні Әлкей…

«ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР» жарысы

Бүгін 2024 жылдың 22 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік желі ойындарынан сақтап, оқушыларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында 6-7 сынып оқушылары арасында «Жігерлі жастар» спорттық кеуде жаттығуы және қол күресі сайысынан жарыс өтті. Аталған сайысқа мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Күштілік пен ептілікті талап ететін жарыс тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша қол күресі бойынша 7 сыныптар арасында жүлделі І орынды Арыстан Әмірхан 7 «Ә» сыныбы, ІІ орынды Досымов Сұлтан 7 «Б» сыныбы, ІІІ орынды Серіков Дамир 7 «А» иеленсе, 6 сыныптар бойынша І орынды Жаппасбай Алишер 6 «Б» сыныбы, ІІ орынды Манасұлы Мейіржан, ІІІ орынды Шырынхан Нұрдос жеңімпаз деп танылды. Ал, кеуде жаттығуы бойынша 7 сыныптар арасында жүлделі І орынды Собет Саян (73 мәрте) 7 «Ә» сыныбы, ІІ орынды Асылбек Жантөре (59 мәрте) 7 «Г» сыныбы, ІІІ орынды Болатбек Әділжан (46 мәрте) 7 «В» сыныбы оқушысы иеленсе, ал 6 сыныптар арасында жүлделі І орынды Байжұма Бекзат (50 мәрте), ІІ орынды Арыстан Мұхит 6 «Ә» сыныбы және Боранбай Арлан 6 «Е» сыныбы (49 мәрте) , ІІІ орынды Арманұлы Ақылбек (44 мәрте) 6 «Б» сынып оқушысы жеңіп алды. Жігерлі де, айбынды жастарымыз көп болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *