БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
Мектебімізде аталар мектебі жобасы аясында. "Батамен ел көгерер" атты аталармен кездесуі өтті. Кездесуде ұмыт болып бара жатқан бата беру дәстүрін насихаттап, әр батаның түрлері мен мағыналары айтылды. Оқушылар өздері жаттаған баталарын айтып берді. Кездесу соңында аталарымыз оқушыларға бата беріп, сабақтарын жақсы оқуларына тілектес екендігін білдірді.