"ЖОЛДА АБАЙ БОЛ, БАЛАҚАЙ"
2024 жылдың 20 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушылары Сарыарқа ауданы полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің ІІ роьа командирінің орынбасары Муратов Ануар Айтпекұлымен кездесті. Кездесуде оқушыларға жол қауіпсіздігінің ережелері толықтай тағы бір мәрте ескертілді. “Жолда абай бол балақай" тақырыбымен өткен кездесуде арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға жолдың тайғақ кезінде автокөліктердің тоқтауы қиынға соғатынын сөзге тиек етіп, жолдан өткенде тек арнайы жолақтардан өту керектігін, айтылған ережелерді қатаң сақтап, үнемі өз өмірлері мен денсаулықтарын сақтау керек екердігін айтып өтті.