ҚАР ТАЗАЛАУ АКЦИЯСЫ: БІРЛІГІМІЗДІ КӨРСЕТЕТІН МЕЙІРІМДІ ІС
Қыстың алғашқы қарымен бірге қаламыздың көрінісі де өзгере бастайды. Дегенмен, қарлы ауа райы тек әсемдік қана емес, сонымен қатар қиындықтар да алып келеді. Мектеп ауласына қардың жиналып, жолдардың тайғақ болуы – оқушылар үшін қауіпті. Сондықтан, қар тазалау маусымында барлығымыз бірігіп, мектеп ауласын қардан тазартуды жөн деп санаймыз. Осы орайда мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен бүгін қар күреу акциясы бастау алды. Өздерінің білім алып жатқан мектеп ауласын қардан тазалап, өз көмектерін берген оқушыларымыз бастауыш сынып оқушылары жүретін жолдарды тазалап, ағалық қамқорлықтарын танытқан 9 “В”, 9 “Е” сынып оқушыларының ер балаларына алғысымыз шексіз. “Ерікті түрде қар тазалау акциясы – тек жұмыс қана емес, сонымен қатар оқушылардың бірлігін көрсететін маңызды іс-шара деп санаймыз” деген оқушыларымыз алдағы уақытта да барша оқушыларды аталған акцияға қатысуға шақыратындарын жеткізді. Бірлігі жарасқан оқушылардың саны арта берсін.