ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ НАЗАРДА
2024 жылдың 11 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданы ішкі істер басқармасының полициясы, мектебімізге жауапты инспектор Ернұр Төлегенұлы бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағдаршамға назар салу, белгіленген жаяу жүргіншілер жолағымен өту, құлаққаппен әуен тыңдап өтпеу, жүгіріп өтпеу, жолдан өткен кезде артық нәрселерге, телефон т.б ұстап өтпеу сияқты ережелермен бөліскен инспектор оқушыларды жолда абай болуға шақырды.