ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін 2024 жылдың 11 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокуроры А.Бауыржанұлы, Сарыарқа ауданы ішкі істер басқармасының полицясы, мектеп инспекторы Е.Төлегенұлы, Көктал ықшам алабы бойынша учаскелік полиция Е.Байбатшаев және Бірлескен мұражайлар жұмысы бөлімінің жетекшісі М.Адиетовнаның қатысуымен кездесу болып өтті. Аталған кездесуде мектебіміздің оқушыларына қоғамдағы болып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың заң жүзінде қалай жазаланатыны туралы толық түсіндірілді. Кездесу барысында қоғамда жиі кездесіп жүрген алаяқтың түрлері, олардан қорғану жолдары айтылды. Полиция қызметкерлері түнгі уақытта жүрмеу, күдікті әлеуметтік топтарға тіркелмеу, жұмыс ұсынған бейтаныс адамдарға сенбеу керектігі жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ жаппай төбелеске қатысу, біреуді ұру, бопсалаудың заң жүзіндегі қандай жазаға апаратынын айтып ескертті. Бірлескен мұражайлар жұмысы бөлімінің жетекшісі М.Адиетовна соңғы кезде қаламыздағы ескерткіштер вандализм құрбаны болып отырғанын айтып, оқушыларға мәдени мұраларымызды құрметтеуге, ұқыпты қарауға шақырды. Жалпы кездесуге мектебіміздің 9 сыныптарынан 200 оқушы қатысты.