Skip to content

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ 2025 жылдың 5 қараша күні Әлкей…

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ

2025 жылдың 5 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 8–9 сынып оқушылары қалалық кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласындағы Президенттік орталыққа саяхат жасады. Іс-шара барысында оқушыларға Президенттік орталықтың қызметі, ел басшыларының еңбегі мен еліміздің тарихи жетістіктері туралы қызықты ақпараттар берілді. Экспозициялармен танысу кезінде оқушылар еліміздің саяси тарихындағы маңызды оқиғалар, Президент институтының қалыптасуы және қазіргі мемлекеттік саясат бағыттары жөнінде мағлұмат алды. Бұл сапар оқушыларға үлкен рухани әсер қалдырып, отансүйгіштік сезімдерін оятты. Осындай танымдық шаралар арқылы жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі арта түседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *