Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда!
2024 жылдың 6 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Астана қаласы, Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Анвар Ардақ Бауржанұлымен кездесу өтті. Аталған кездесуге мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Ардақ Бауржанұлы оқушылармен еркін форматта пікір алмасып, қазіргі қоғамда белең алып отырған қылмыс түрлерін оқушыларға түсінікті етіп жеткізе білді.Себебі ең бірінші алаяқтыққа тап болушы мектеп оқушылары екенін ескертті. Әлеуметтік желідегі жұмыс түрлері, алаяқтықтың түрлері және олардан қалай сақтану керек екені жөнінде айтты. Кездесуде оқушылар сұрақтарын қойып,естелік суретке түсті.