Өрт қауіпсіздігі қағидалары түсіндірілді.
2024 жылдың 5 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы
№ 40 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Юсупов Нұрзат Әлімұлы мектебіміздің 11 сынып оқушыларымен өрт қауіпсіздігі және кәсіптік бағдар бойынша түсіндірме, ақпараттандыру жұмысын жүргізді. Қазір күн суытқаннан бері қолдан жылыту құрылғыларын қосу, от жағу кезіндегі қауіпсіздікті қатаң сақтау керек екендігі айтылды. Сондай-ақ кездесуде оқушыларға төтенше жағдайлар бойынша оқуға түсу, бітірген соң қызметке орналасудың тиімді тұстары, оқыту кезіндегі жеңілдіктер, оқудың ақысыз және оқуды аяқтаған соң мемлекеттік қызметке орналасуы қарастырылғаны жөнінде толық ақпарат беріп өтті. Сондай-ақ оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп жаднама парақтарын таратты.