Халықаралық чемпионаттан алтын жүлде!
Мектебіміздің 8"А" сынып оқушысы Тукенова Диляра каратэден Ереван қаласында өткен “36th KWF European kyokushin championship Yerevan 2024” халықаралық жарысында 14-15 жас ерекшелігі бойынша сынға түсіп жүлделі І орынды иеленді.Осы аталған кезекті жеңісімен мектеп әкімшілігі құттықтап, алдағы өтетін әлем біріншілігіне сәттілік тіледі. Халықаралық жарыста ел намысын қорғап, жүлделі орын алған оқушымызды әлі талай биіктерден көретінімізге сеніміміз мол!