Экологиялық ақпарат
Бүгін 2024 жылдың 24 қазан күні мектебіміздің "Ecoteam" экологиялық ерікті топ оқушылары, бастауыш 4 сынып оқушыларымен ақпараттық кездесу өткізді. Кездесуде топ оқушылары экологиялық мәдениет қалыптастырудың маңызды тұстарын айтты. Сондай-ақ қағаз, пластик, батарея сияқты тұрмыста пайдаланып жүрген заттарымыздың пайдасы мен зиянды жақтарына тоқталды. Экологиялық топ оқушылары әр адам қоршаған ортамызды қорғауды өзінен бастау керек екенін айтып, оқушыларға табиғатқа мейірімділікпен қарау керектігін жеткізді. Кездесу соңында бастауыш сынып оқушыларының пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.