«БАЛАҒА АҚЫЛ-КЕҢЕСІҢДІ ЖЫЛЫ ЖҮРЕКПЕН ЖЕТКІЗУ» АТТЫ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНДА АТА-АНАЛАР КОМИТЕТТЕРІ БАС ҚОСТЫ
Бүгін, 2025 жылдың 8 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Балаға ақыл-кеңесіңді жылы жүрекпен жеткізу» тақырыбында өткен жиналыста 1-11 сыныптың ата-аналар комитеттері бас қосты. Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселесі ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты кейбір ата-аналардың бір-бірімен келіспеуі, чаттағы пікір қайшылығы арнайы әзірленген қойылым арқылы кейс түрінде ұсынылды. Ата-ана ретінде ұсынылған ситуацияны қалай шешер едіңіз?, Мәселені конструктивті шешу үшін қандай қадам жасар едіңіз?, Ата-ана рөлінде өзіңіздің эмоцияңызды бақылап, ойыңызды сыпайы жеткізу үшін не істер едіңіз? және т.б. сипаттамада берілген сұрақтарға ата-аналарымыз өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті. Баланың алдында дау-талас немесе келіспеушілік дұрыс үлгі емес, сабырмен сөйлесу, бір-біріңді тыңдау және ортақ шешім табуға тырысу – тәрбиенің негізгі кілті, Өзара түсіністік пен сыйластық балаларға дұрыс бағыт көрсетеді деген ата-аналар бұл тәжірибеден сабақ алып, балаларға жылы жүрекпен, сабыр мен құрметпен бағыт берудің маңызды екенін түсінді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2025–2026 оқу жылы үшін мектептің ата-аналар комитетін сайлау өткізілді. Сайлау нәтижесінде жаңа құрам анықталып, белсенді ата-аналардан құралған жаңа команда өз міндеттерін атқаруға дайын екені хабарланды. Бала тәрбиесінде бірге әрекет ету – ең күшті үлгі! 💛
