Республика күні мерекесі қарсаңында жас өнерпаздар бақ сынады!
Бүгін мектебімізде республика күні мерекесіне орай «Бала дауысы – 2024» талантты оқушылар байқауы жалғасын тапты. Бұл жолы мектебіміздің 5-9 сыныптары өзара бақтарын сынап арнайы дайындап келген әндерін жанды дауыста орындап берді. Жылда мереке қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін байқаудың мақсаты өнерлі оқушыларымызды анықтау, таланттарын шыңдау болып табылады.
Байқауға жалпы5-9 сыныптардан 25 оқушы қатысып өз өнерлерін көрсетті.
Оқушылар байқау ережесі бойынша «Отан», «Менің Қазақстаным» «Туған жер», сияқты патриоттық бағыттағы әндерді орындады.
Байқау қорытындысы бойынша 5 сыныптар арасында ІІІ орынды Қуаныш Бибігүл, ІІ орынды Шералиев Батырхан иеленсе ал жүлделі І орынды Жанатова Аделя иеленді. 6-9 сыныптар арасында ІІІ орынды Байдуллаев Бегжан мен Набиуллина Адина иеленсе, ІІ орынды Кенжетай Айша иеленді, І орын Береке Аминаға бұйырды. Байқаудың бас жүлдесін Жансерікұлы Әли иеленді. Байқауға қатысқан қалған оқушыларымыз да өнерлеріне сай «Үздік жас әнші», « Үміт күттіретін жас әнші», «Үздік жанды дауыс», «Әсем дауыс иесі» сияқты номинациялармен мараптталды. Өнерлі оқушыларымызды құттықтаймыз!