Құқықтық тәрбие!
Бүгін 2024 жылдың 10 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Астана қаласы, Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Анвар Ардақ Бауржанұлымен кездесу өтті. Аталған кездесуге мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Ардақ Бауржанұлы оқушылармен еркін түрде кездесу жасап, оқушылар арасында және қоғам арасында белең алып жақан мәселелерді баяндап, мысалдар келтірді. Атап айтар болсақ қоғамда өршіп тұрған алаяқтықтың құрбаны, бопсалау, заңды емес жұмыстар жасау, наркологиялық заттарды тарату, оқушылар арасында келіспеушілік, жан-жалдардың алдын алу бойынша ақпарат берді. Ардақ Бауржанұлымен алдағы уақытта да мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар жопарға сай бірлесе жүргізіліп отырады.