ҰСТАЗ АТЫ БИІК ӘРІ МӘҢГІЛІК 2024 жылдың 3 қазан күні алтын күзде көңілге шаттық ұялатқан, мерейімізді тасытқан ерекше мейрам – Ұстаздар күніне орай Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде “Ұстаз аты биік әрі мәңгілік” атты мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік концерт мектеп оқушыларының ұстаздарына арнап оқыған өлең шумақтарын жатқа оқудан басталып, қазақтың күмбірлеген күй құдіретімен жалғасын тапты. Сондай-ақ кеште даланың дара ұстазы, 19-ғасырда қазақ жұртына алғаш рет қоңырау үнін сыңғырлатқан педагог, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің теңіздей телегей еңбегінен тағылым алып, есімін кәсіби мереке қарсаңында айрықша мақтанышпен айтатын оқушылар “Ұстаздардың ұстазы – Ыбырай ата” атты ән шырқалып, “Ардақты менің ұстазым”, “Ұстазым”, “Мен қазақтың ұлымын” патриоттық әндері шырқалып, “Самұрық” би ансамблінің оқушылары би биледі. Кеш соңында жасанды интеллект көмегімен әзірленген арнайы бейнеролик ел назарына ұсынылып, мектебіміздің жас мамандары тарапынан “Жас ұстаздар ұраны” шырқалды. Осылайша бойымызға бар жақсының дәнін сепкен, үкілеп үміт артқан ардақты жандардың төл мерекесінде оқушылар өнер көрсетіп, алғыс айтты. Мереке құтты болсын!
