Skip to content

БІР ҰЖЫМ – БІР МАҚСАТ 2025 жылдың 11 қазан күні…

БІР ҰЖЫМ – БІР МАҚСАТ

2025 жылдың 11 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ұжымға жаңадан келген педагогтер мен жас мамандарға арналған танысу кездесуі мен кәсіби бағыттағы тәжірибе алмасу жиыны өтті. Жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттырып, әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету және ұжымға тез бейімделуіне жағдай жасауды мақсат еткен шарада ұстаздарымыз мектеп тарихымен, дәстүрімен және құндылықтарымен танысып, ұжымдық рух пен бірліктің маңызын сезінді. Кездесуде ұстаздарымызбен психологиялық тренингтер мен командалық жаттығулар ұйымдастырылып, ұстаздар бір-бірімен жақынырақ танысып, ұжымдық рухты сезінді. Осындай кездесулер – жас мамандардың кәсіби ортаға сенімді қадам басуына және жаңа идеялармен бөлісуіне жол ашады деген ойдамыз. Шараға қатысқан әр педагог ұжымға жаңа серпін мен жаңашыл көзқарас қалыптастыратын, командалық ортада шабыт беретін ұстаз болуларына тілектеспіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *