«МЕН ӨСКЕНДЕ КІМ БОЛАМЫН?» СУРЕТ КӨРМЕСІ
2025 жылдың 6–11 қараша аралығында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде оқушылардың арманын, болашаққа деген үмітін бейнелеген көркем сурет көрмесі өтті. Әр туынды – бала жүрегіндегі қиялдың, биік мақсаттың және жарқын болашаққа ұмтылыстың айқын көрінісі. 🎨
Бір суретте – болашақ дәрігер, енді бірінде – мейірімді мұғалім, ал келесісінде – көкке самғаған ғарышкер бейнеленген.
Көрмеде оқушылардың қиялы мен армандары түстер мен сызықтар арқылы өмірге еніп, әр сурет үміт пен сенімге толы ерекше туындыға айналды. Бұл көрме әр баланың жүрегінде ұшқын болып жанған болашаққа деген сенімді көрсетті. Арманын қылқаламмен бейнелеген оқушыларымыз арнайы әзірлеген алғыс хаттармен марапатталды.











