Skip to content

Астана қаласында WALS халықаралық конференциясы қатысқан тарих пәнінің мұғалім Нургалиева…

Астана қаласында WALS халықаралық конференциясы қатысқан тарих пәнінің мұғалім Нургалиева Перизат Ержановнаның конференция жайлы сұхбаты

24-26 қыркүйек айында Астана қаласында WALS халықаралық конференциясы болып өтті. Бұл конференцияға әлемінің түпкірінен Қазақстанның барлық облыстарынан педагогтар келіп қатысты.
SHARE жобасына біздің мектебіміз былтырғы оқу жылында енген болатын. Кординатор Назипа Алтынбекқызының берілген тапсырмалары орындалып, сынып зерттеліп нәтижесінде абстракт жұмысымызды Халықаралық сараптамаға жібердік. Сараптама нәтижесі бойынша біздің жұмыс іріктеуден өтті. Тақырыбы «Мұғалім шеберлігі оқушылардың іс – әрекетіне әсері» Халықаралық конференцияда қорғайтын болдық. 26 қыркүйек күні мен 221 аудиторияда сағат 8.00 мен 8.55 аралығында жұмысымды қорғадым. Шымкент қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары бұл жобаға қызығушылық танытты. Себебеі SHARE жобасы тек Астана қаласында ғана жүзеге асырылып жатыр екен. Басқа өңірден келген ұстаздар Lesson Study бойынша жұмыстарын қорғады. Секциялық жұмыс аяқталған соң шетелден келген ұстаздардың іс – тәжірибесімен таныстым.
Нидерланды университетінің ғылыми қызметкері Ширли Тэннің сабақты зерттеуде BANSHO көмегімен оқушы ойлауын визуализациялау тақырыбында өткен ашық алаңға қатыстым.
BANSHO – тақтадағы жұмыс процесін оның ұйымдастырылуын және нәтижесін қамтитын жапон термині.
Литва елінің психиатр, терапевт және дағдарысты басқару сарапшысы Дарюс Радкявичюс пен Норвегиялық суретші Кристиансен Ойнштейннің шебер сабағына қатыстым. Бізге шимақ парақ берілді, сол параққа адамның көзін салыңдар деді, одан кейін мұрнын бет әлпетін толық салуды тапсырды. Бұл жерде әр адамның ойлау қабілеті әр түрлі болғандықтан, салынған суреттер бірінен бірі асып түсті. Маған әсер еткені Англиядан келген мектеп мұғалімдерінің салған суреті. Бұл ғалымдар осы әдісті әр сабақтың соңында қолдануға кеңес берді. Балаға бүгінгі сабақты қалай түсіндің суретін салып беріңдерші дегенде әркімнің эмоциясын көруге болады деп түсіндірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *