«ҚАУІПСІЗ БАЛА – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» атты жалпы ата-аналар жиналысы
Бүгін 2024 жылдың 27 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде «Қауіпсіз бала – ұлт болашағы» тақырыбында 2024-2025 оқу жылының жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қауіпсіз бала – ұлт болашағы» тақырыбында баяндама жасаған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы қазіргі таңда мектеп оқушыларының қауіпсіздігі – ең өзекті мәселелердің бірі екендігін айтып, білім беру мекемелері баланың тек білім беру ортасы ғана емес, сонымен бірге оның денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға жағдай жасайтын орта болып табылатынын айтты. Өз баяндамасында Қайрат Сиражиденұлы «Жалпы ата-ананың балаға беретін тәрбиесі мен міндеті қандай?», техникалық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, жалпы қауіпсіздік ережелері, эмоционалдық қауіпсіздік, әлеуметтік қауіпсіздіктерге жеке-жеке тоқталып, қауіпсіздік шараларын үнемі сақтау үшін баланы қандай қауіп қатерден сақтау керектігін сөзге тиек етті. Әрі қарай «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында мектеп психологі Шаки Сайрангүл бала қауіпсіздігін алдын-алуда балаларға психологиялық көмек, қолдау көрсету бағытында сөз алды. Мектеп медбикесі Бекпауова Зауре Жақанқызы «Қауіпсіз орта – бала денсаулығының кепілі» тақырыбында балалар денсаулығындағы тазалық гигиеналарына, бала денсаулығына қатысты екпелерді қорықпай алуға шақырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы «2024-2025 оқу жылында Біртұтас тәрбие бағдарламасын зерделеудегі ұсынымдар» туралы біртұтас тәрбие бағдарламасының «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Әділдік және жауапкершілік», «Бірлік және ынтымақ», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық», құндылықтарына тоқталып, түсінік берді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп директоры Үйсімбаева Сауле Амангелдіқызы 2024-2025 оқу жылына жалпы ата-аналар комитетін сайлау туралы ұсыныс білдірді. Осы тұста 2024-2025 оқу жылының жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы болып Ермекова Салтанат тағайындалды.