🎓 “ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫП “ жобасы
12 қараша күні №11 мектеп-лицейде Астана халықаралық университетінің Жоғары педагогикалық колледжі студенттерімен кездесу өтті. 💬
Кездесу барысында колледж студенттері өз оқу орны туралы толық ақпарат беріп, педагогикалық мамандықтың ерекшеліктерімен бөлісті. 👩🏫
🎶✨Шағын концерттік бағдарламадан кейін, оқушылармен бірлесе отырып қызықты тренингтер, топтық ойындар ұйымдастырылды.
Бұл шара 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, педагогикалық мамандықтың мәні мен маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
#ПедагогикалықСынып
#КәсібиБағдар
#АстанаХалықаралықУниверситеті #ЖоғарыПедагогикалықКолледж #№11МектепЛицей
#БолашақМұғалімдер
