2025 жылдың 3 қазан күні жас мамандарға арналған «Ұстаз – даналықтың қайнар көзі» тақырыбында ерекше форматта тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты – жас ұстаздардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына жағдай туғызу, кәсіби тәжірибе алмасу, ой бөлісу арқылы өзіндік дамуына ықпал ету және педагогикалық көзқарастарын кеңейту болды.
Іс-шара ерекше әдіспен, яғни «Меню-сұрақ» форматында ұйымдастырылды. Бұл әдіс барысында қатысушыларға әртүрлі тақырыпта әзірленген сұрақтар “мәзір” ретінде ұсынылып, олар өз қалауы бойынша бір-біріне сол сұрақтарды қойып, пікір алмасып, еркін ой бөлісті. Тренинг бейресми, жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар бір-бірінің көзқарастарын тыңдап, өз кәсіби ұстанымдары мен тәжірибесімен бөлісті. Мұндай формат өзара қолдау мен ұжымішілік қарым-қатынасты нығайтуға, шығармашылық еркіндікке жол ашты.




