Ұстаздар бақ сынады
2024 жылдың 21 қыркүйек күні мектебімізде ұстаздар мерекесіне орай “ Салауатты Ұстаз – 2024” спорттық эстафеталық жарысы өтті. Жарысқа мектебіміздің әр бірлестігінен екі ұстаздан қатысып бақтарын сынады. Мереке қарсаңында өткен көңілді шарада ұстаздарымыз арнайы берілген спорттық жолақтардан өтті, мергендіктері де сыналды. Тартысты да, қызықты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі III орынды Хохон.Р информатика және Қабыкен.А бастауыш бірлестіктері өз ара бөлісті, II орын Какен.А және Мұса. А қазақ тілі мен Әдебиеті бірлестігі иеленсе жарыс жеңімпаздары Энгельс. А және Жиеналы.М ағылшын тілі бірлестігі иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!