БЕЙІМДЕЛУ АПТАСЫ
Бүгін 2024 жылдың 26 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 5-7 сынып оқушылары үшін бейімделу аптасының бірінші күні өтсе, 2-9,11 сынып оқушылары үшін жазғы мектеп бастау алды. Бейімделу аптасы аясында шәкірттеріміздің бір-бірімен жақынырақ танысуы үшін түрлі ойындар, психологиялық тренингтер мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Мектепке бейімдеу бағдарламасының мақсаты – оқушылардың мектеп қауымдастығына сәтті және қиындықсыз интеграциялануын қамтамасыз ету, оқу ортасында жайлылық пен тиесілілік сезімін қалыптастыру. Бастысы оқушының жазғы демалыстан кейінгі мектеп ортасына тез әрі жеңіл бейімделуіне көмектесу. Ал, жазғы мектеп аясында өз уақыттарын пайдалы әрі тиімді өткізуге мүмкіндік берілді.
#бейімделуапталығы #білімбасқармасы