Мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуы
2024-2025 оқу жылына дайындық барысында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуы бойынша оқушыларды, ата-аналарды ақпараттандыру туралы стенд пен мектеп формасының үлгісі мектептің кіреберіс дәлізіне орналастырылды, Сондай-ақ мектептің инстаграм парақшасына мына сілтеме бойынша ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.
– Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай қара көк түс гаммасында және ақ түсті жейде түрінде талап етіледі;
– Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі;
– Мектеп формасы күнделікті, мерекелік жəне спорттық болып бөлінеді;
– Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.