Skip to content

ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ 2025 жылдың 18–21 қараша…

ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

2025 жылдың 18–21 қараша аралығында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушыларымен «Козлов методикасы»негізінде тұлғалық даму тренингтері ұйымдастырылды.
Бұл тренинг барысында оқушылар:
• өз эмоцияларын басқару;
• эмпатия таныту;
• ішкі мотивацияны арттыру;
• тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын
түрлі тәжірибелік жаттығулар арқылы шыңдады. Жас қатысушылар тренингтің өздеріне жаңа ой салып, өз-өзіне деген сенімділікті күшейткенін, жауапкершілікті арттырғанын ерекше атап өтті. Олар эмоцияларды дұрыс басқару мен бір-бірін түсіну дағдыларының сынып ішіндегі қарым-қатынасты жақсартып, ұжымдық үйлесімділікке жол ашатынына сенім білдірді. Тұлғалық өсу – әрбір жасқа қажет қадам. Ал біздің оқушылар бұл қадамды сеніммен аттап келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *