Skip to content

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА Жадыраған жаздың қызықты күндерін мектеп жанынан…

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Жадыраған жаздың қызықты күндерін мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерде көңілді өткізіп жүрген оқушыларымыз бүгін «Talap» КЕАҚ президентінің кеңесшісі, белгілі ұстаз, Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Бимендина Асима Темкеновна, Астана қаласы Сарыарқа ауданының аға прокуроры Қуаныш Балаби Дастанұлы мен бөлім прокуроры Измуратова Құралай Рахметтоллақызымен жүздесті. Білімге зейін қойған Жаңа Қазақстанның шәкірттері бүгінде Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде археологиялық, пәндік, спорттық және бейіндік бағытта мектеп жанынан құрылған лагерь ұнап жатқанын айтты. Мәселен, археологиялық бағытта қазақтың кең даласын зерттеген, тау-тасына үңіліп, ғылыми дерек-дәйек жинаған ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның өзі жүріп өткен жерлерін зерттеу барысында Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Ақбұлақ ауылына арнайы барғанын айтып, қазба, зерттеу жұмысын жүргізу естен кетпес әсер қалдырды десті бірауыздан жас ғалымдар. Сондай-ақ мектепте ағылшын тілі, биология, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен профильдік лагерь пайдалы әрі қызықты өтіп жатыр деді. Спорттық лагерь бойынша оқушыларымыз қала бойынша жеткен жетістіктерімен бөлісіп, спорттың адам денсаулығына тигізер пайдасын тізбелеп берді, волейбол, баскетбол, футбол, түрлі эстафета жарыстары құрбы-құрдастар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, жақындастыруға оң ықпал еткенін де жасырмады. Елордамыздың Көктал тұрғын алабынан іргетасын қалаған тұңғыш қазақ мектебіне арнайы келген меймандарымыз оқушыларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын ұмытпау керегін айтты. Сонымен бірге жаз мезгілінде уақытты босқа өткізбей, кітап оқып, өз білімін үнемі шыңдап отыру аса қажет екенін тілге тиек еткен Асима Темкеновна балалармен өткен жылы жүздесуден соң естелікке суретке түсіп, үнемі білімділер қатарынан болыңыздар деген ізгі тілегін арнады. Ал құқық қорғау саласының қызметкерлері жасөспірімдер мен балаларға жасалатын буллингтің алдын алу, одан қорғау жөнінде маңызды ақпаратпен бөлісті. Бұған қоса, ата-аналарға арнайы таратылатын анкеталардың маңызына тоқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *