Skip to content

“ТАЗА АСТАНА” ЭКОfest Фестивалі 2024 жылдың 18 мамыр күні Астана…

“ТАЗА АСТАНА” ЭКОfest Фестивалі

2024 жылдың 18 мамыр күні Астана қаласы Білім басқармасы және Астана дарыны орталығының ұйымдастырумен “Таза Астана” экоfest фестивалі өтті. Аталған шараға қала мектептерінің ғылыми жобаларда топ жарған оқушылары өз жобаларын көрмеге ұсынып келушілерге таныстырды. Мектебіміз бойынша қалалық “Ғылыми дебют” жобалар байқауының I орын иегері мектебіміздің 10 сынып оқушысы Шаяхмет Аружан аталған шарада “Есіл өзенінің экологиялық жағдайы” тақырыбындағы жобасын көпшілікке таныстырды. Аружанның жобасына келушілер қызығушылық танытып, Елордамызға сән беріп тұрған өзеніміздің жағдайына алаңдаушылық білдіріп пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *