ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАБЫСҚА ЖЕТУ БАСПАЛДАҒЫ
2024 жылдың 15 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Астана қаласы Әдістемелік орталығының қолдауымен «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы» атты қалалық семинары болып өтті.
Семинардың мақсаты: Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында жүзеге асыру тәсілдерімен бөлісу
Семинарға Астана қаласының 30-дан аса мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. сабақ берді. Алғашқы сөзді «Әдістемелік орталықтың» білім беру бөлімінің әдіскері Нұржамал Кәрімбердіқызы бастап, ұстаздар мен спикерлерге сәттілік тіледі.
Семинардың бірінші кезеңінде мектеп ұстаздары «Кіші ғарыш денелері» тақырыбында Кумисай Торешовна, «Теңдеулер. Теңдеулерді түрлендіру тәсілімен шешу» тақырыбында Гульмира Сериковна, «Есептік және реттік сан есім» тақырыбында Шаймурат Хуангүл, «Сан есім» тақырыбында Ақбота Назарбекқызы, «Дара және күрделі етістік» тақырыбында Толеуғайша Кунапияновна, «Сан есім» тақырыбында Нургуль Амангельдиновна, «Көбейту мен бөлуге берілген есептер» тақырыбында Әмина Балтабайқызы, «Дара және күрделі етістік» тақырыбында Ашим Алмагүл сабақ өткізді.
Семинардың екінші кезеңінде ұстаздар шебер сынып өткізді. Хаздай Нұргүл, Ержан Хобыланды «Логикалық есептерді шығару жолдары» тақырыбын кеңінен түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
№14 мектеп-гимназиясынан Бибигуль Раимбекқызы, Гульфайра Сихымбековна «Сабақтың тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер және оқыту тәсілдері» тақырыбын таныстырып, түрлі әдістерді қолдануды көрсетті.
№32 мектеп-гимназиясынан Жанар Танирбергеновна мен №40 мектеп-лицейінен Ақтолқын Шукрадиновна «Белсенді оқыту тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбын түсіндірді.
№91 мектеп-гимназиясынан Ақтолқын Абилкасимовна, Фарида Нурхановна «Қалыптастырушы бағалаудың әдістері» тақырыбын кеңінен түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың қорытындысы бойынша Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы қатысушы, спикерлерге алғысын білдіріп, кері байланысын білдіріп, өз пікірін білдірді.