Skip to content

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН ХАТТАРЫ 2024 жылдың 04 сәуір күні Әлкей Марғұлан…

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН ХАТТАРЫ

2024 жылдың 04 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Отырар кітапханасының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор «Әлкей Марғұлан хаттары» атты монографиялық еңбектің авторы Данагүл Махатқызымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған.
Данагүл Махатқызымен бірге арнайы Ұлытаудан қонақ болып келген, Махсұт Ахметов оқушыларға “Бір нәрсені бастау үшін ұлы адам болу міндетті емес, бірақ ұлы болғыңыз келсе, бастау – сіздің парызыңыз.” деп жігерлендіріп кетті. Сондай-ақ ол кісі Әлкей Марғұланға хат жазған. Кездесу барысында оқушылар Әлкей Марғұланның нақыл сөздерін жатқа айтып, қызы Дәнел Әлкейқызының естеліктерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *