Skip to content

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ Мектебімізде 02-12 сәуір аралығында “Мінез-құлық және…

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ

Мектебімізде 02-12 сәуір аралығында “Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті” атты онкүндігінің өтетіндігін хабарлаймыз!
Осыған орай, 02 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 1-4 сыныптар арасында «Қазіргі қоғамдағы мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетінің маңызы» тақырыбында сынып сағаты өтсе, 5-11 сыныптарда «Этикет негіздері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында мектептегі этикет: ережелер, мәдениет, сабақта өз-өзін қалай ұстауы керек жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты:оқушыларда ересектермен және құрдастарымен мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, сыпайы және мейірімді қарым-қатынас ережелерін орындауға деген ұмтылыс: сәлемдесу, қоштасу, жақсылық үшін Алғыс айту, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста сыпайы болу, адамдардың жағымсыз эмоцияларын болдырмауға және оларға дұрыс жауап беруге үйрену.

Міндеттері:
● балаларға мәдениет мінез-құлық және ересектермен, құрдастарымен қарым – қатынас мәселелері бойынша ақпарат беру;
● балаларға мейірімді қарым-қатынас ережелерін, адамдардың эмоцияларын түсіну және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ойын түрінде дұрыс жауап беру қабілетін түсіндіру;
● білім алушыларды қарым-қатынас ережелерімен, нормаларымен, стандарттарымен және мінез-құлық мәдениетімен таныстыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
● ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде мәдени мінез-құлық, сыпайылық пен құрмет қалыптасатын мәдени ортаны құру.

#біртұтас_тәрбие
#мінезқұлықжәнеқарымқатынасмәдениеті
#мәдениет
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@sauleamangeldievna

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *