Skip to content

19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ Қазақ даласына ырысы мен ырыздығын…

19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ

Қазақ даласына ырысы мен ырыздығын ала келген әз-Наурыз мерекесі Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде де сәтті жалғасын тапты. Қайта келген көктемде, жер-ана бусанып, тіршілік қайта жаңарған мезгілде біздің оқушылар бойдағы өнерін көпшілікке паш етті.
«Наурыз – береке мен бірліктің бастауы» атты салтанатты концертіміз «Самұрық» би ансамблінің халық биімен бастау алды. Ұлыстың ұлы күнін оқушыларымыз да тағатсыздана күтті, оның лебі концерт барысында айқын сезілді. Бұғыбай Ясина өзінің тартуын арнап, «Наурызым» әнін шырқады. «Абдуллаев» көңілді би кіші тобынан топтасқан домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Көнеден бүгінге жеткен ұлттық биіміз «Қара жорға» да ұмыт болмады. Жер әлемді жайнатқан, әнші құстарды сайратқан Наурыздың тамашасын жыр сүйер шәкірттер поэзиямен жеткізді. Артынша Кенжетай Айша «Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін нақышына келтіріп орындады. Мерекелік шара соңында мектеп директоры Сәуле Амангелдіқызы ұжым мен білім алушыларды төл мейрамымыз – Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, оқуда табыс пен жетістік, еліміз пен халқымызға ырыс-дәулет тіледі. Әдемі кешті «Мереке» әнімен түйіндеген – Арманқызы Ақмерей. Әз-Наурыз құтты болсын, ардақты Қазақ елі!

#наурызшуағы
#наурыз2024
#ұлыстыңұлыкүні
#мектепішілікжәнестуденттікпарламент
#школьныйистуденческийпарламент
#білімбасқармасы
#РУМЦДО
@oqu_aqartu_ministirligi
@bilimastana
@rumcdo_official
@sherraisa
@k.sengazyyev_official
@baykenyesset
@parlament_school_student
@dvoressholnikov

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *