КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Бүгін 2024 жылдың 15 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Зоя Галымовна Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу болып өтті. Кездесуде медицина мамандығы туралы ақпарат беріліп, колледжге оқуға түсу қалай жүзеге асатындығы жайлы мәлімет берілді. Кездесу барысында оқушыларға университеттің ішкі бейнесін, оқу ақысы, білім сапасы, мамандықтардың ерекшеліктері және т.б пайдаға асарлық деректерді айтты. Сондай-ақ кездесу соңында оқушылармен сұрақ-жауап алмасты.