КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Бүгін 2024 жылдың 14 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық Колледжі (KILC) мамагдарымен кездесу болып өтті. Кездесуде түрлі мамандықтар туралы ақпарат беріліп, колледжге оқуға түсу қалай жүзеге асатындығы жайлы мәлімет берілді. Кездесу барысында оқушыларға университеттің ішкі бейнесін, оқу ақысы, білім сапасы, мамандықтардың ерекшеліктері және т.б пайдаға асарлық деректерді айтты. Жоғарғы оқу орнында студенттердің ағылшын тілінде сабақ алып, сол тілде сөйлесіп, практика жүзінде шет тілін тез меңгеріп кетуге болатындығын айтып өтті.
Сондай-ақ кездесуге қатысқан оқушыларға колледждің шетелдік оқытушысы оқушылармен қызықты ойындар өткізіп, сұрақ-жауап арқылы стикерлер таратты.