«КӨКТЕМ АРУЫ 2024» ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ
2024 жылдың 01 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп –лицейінде «Көктем аруы 2024» атты қыз сыны байқауы болып өтті. Сайыстың басты мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Байқауға 5-7 сыныптың қыз балалары қатысты.
Байқауда аруларымыз мына кезеңдер бойынша сынға түсті:
І кезең «Таныстыру» – Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт келбеті, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ кезең «Өнер көрсету» – Ән айту, би билеу, әзіл – ысқақ т.б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі.
ІІІ кезең «Білімдіге дүние жарық» – Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді. Сайыстың қорытындысы бойынша
🔸Бас жүлдені 7 «Б» сынып оқушысы Абибулла Алина, 🔸жүлделі І орынды 6 «Е» сынып оқушысы Байзақ Мадина, 6 «Ж» сынып оқушысы Сейдағалық Дария, 6 “Г” сынып оқушысы Жунусова Аянат,
🔸ІІ орынды 7 «Е» сынып оқушысы Каиргалиева Айсәуле, 🔸ІІІ орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Мұхтар Назерке, 7 «В» сынып оқушысы Қабдолла Адина
иеленді.
Сондай-ақ «Өнерлі ару», «Көрікті ару», «Көктем аруы», «Шырайлы ару» номинацияларымен марапатталды.