2024 жылдың 23-24 ақпан күндері Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінде ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту мақсатында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының жоспарына сәйкес бірыңғай ашық есік күні болып өтті. Осы орайда “Әкелер мектебінің бастамасымен” тақырыбында әкелер қауымы мектеп ауласын қалың қардан, мұздан тазалады. Балалар үшін үлгі бола білген әкелердің жұмысына қарап ерікті түрде мектебіміздің 11 “Б” сыныбының ер балалары да бірге атсалысты. “Әке – асқар тау” дейді халқымыз, ендеше қашанда шаңырақтың ұйытқысы, қамқоршысы, тірегі бола білген әкелерімізге алғыс білдіреміз.
Челленджді 41, @58_mektep @67gymnasium @68_gymnasium мектептің әкелер қауымына жолдаймыз!