2024 жылдың 23 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушыларымен “8 минуттық оқу” жобасын қорытындылау мақсатында “Ертегілер еліне саяхат” қойылымы өтті. Оқушылар өздерінің күнделікті оқып жүрген ертегілерін бүгін ата-аналарымен бірлесе отырып, жандандырып, үлкен қойылым түрінде көрсетті. Ертегі кейіпкерлерін үлкен шеберлікпен сомдауларынан оқыған ертегілерінің мазмұнын жақсы түсінгендері көрінді. Оқушылардың белсенді де қызыға қатысқанына ата-аналар да ризашылығын білдіріп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
