«Қауіпсіз балалық шақ» Дабыл 2024 оқу-жаттығу жиыны
Бүгін 2024 жылдың 23 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде «Қауіпсіз балалық шақ» онкүндігі аясында Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті. Алдымен басқарма қызметкерлері азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Шалхабанов Еламан Талапкерұлы және СПЧ-5 басшысы,аға лейтенант Турсын Назымхан Айткенұлы мектеп әкімшілігін оқу-жаттығудың өту тәртібімен таныстырып шықты. Сағат 11:15 те жалпы мектеп бойынша апаттық дабыл қағылып, барлық мұғалімдер мен оқушылар 4 минут ішінде толық эвакуацияланды. Жаттығу жиыны туралы хабар алған төтенше жағдайлар басқармасының арнайы өрт сөндіру және медициналық алғашқы көмек көліктері, дер кезінде келіп, оқу-жаттығу тәсілдерін көрсетті.
Оқушыларға апаттық жағдай орын алғанда алдымен қандай ережелерді қатаң сақтау керек екендігі, тілсіз жаудың орын алу себептері, өрт сөндіру жұмыстарының жүргізілуі, жарақаттанған адамды тасымалдау сияқты жаттығу түрлері көрсетті.
Жиын соңында басқарма қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес дабыл берілгенде мектептен тыс қоғамдық жерлерде жүрсекте үрейге бой алдырмай арнайы эвакуациялық жолдар арқылы қауіпсіз аймаққа өту керектігі , өздігінен өмірге қауіпті шешім қабылдамау керектігі жөнінде айтты. Әсіресе білім беру мекемелері қауіптің жоғары дәрежелі түріне жататындығын, сондықтан да оқушылардың қауіпсіздігі үшін, жыл сайын бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарын өткізіп тұру керек екенін айтып өтті.
#bilimastana
#әдістемелікорталық
#Astanatjd