Skip to content

Су тіршілік көзі! Адамзатқа берілген байлықтың бірі қайнар бұлағымыз,бойымызға нәр…

Су тіршілік көзі!

Адамзатқа берілген байлықтың бірі қайнар бұлағымыз,бойымызға нәр беретін су. Олай болса суды үнемдеп пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі таңда әлем ғалымдары тұщы су қорының жылдан жылға азайып бара жатқанына алаңдап дабыл қағуда. Сондықтан тіршілік нәрі суды үнемдеп,оны қорғаудың маңызы зор. Осы орайда мектебіміздің орта буын экологиялық тобы Экопатрул тобы оқушыларымен танымдық сабақ өтті. Ерікті топ оқушыларына арнайы слайд таныстырылып,оқушылардың пікірі тыңдалады. Қазіргі зерттеу деректеріне сүйенсек бір адам тәулігіне 190 литр суды пайдаланды екен. Оқушылар су қорларын сақтау үшін арнайы құрылғылар қою керек,тек белгіленген мөлшермен берілуі керек,күнделікті өмірде де су пайдаланған кезде үнемдеп керегімізге ғана пайдалану керекпіз деген өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ болашаққа шолу жасап өздеріне берілген жылдардағы су қорының пайдалануы, қолдануы туралы айтты.
#bilimastana
#әдістемелікорталық
#румцдо

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *