«АТАМЕКЕН» ЧЕЛЛЕНДЖІ
Бүгін 2024 жылдың 15 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Атамекен» қалалық челленджі болып өтті. Челлендж мақсаты – Әскери – патриоттық және рухани құндылықтарды әскери тәртіпке баулу. Өз Отанының нағыз патриоты болуға тәрбиелеу. Эстетикалық, патриоттық сезімдерін ояту. Осыдан 35 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері (40-шы армия және оған жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды. 1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерлерін кіргізуге шешім шыққан. Осы алапат он жылда Кеңес Одағынан Ауған соғысына 500 мыңнан астам азамат қатысып, оның 15 мыңы опат болды.
@diucfv_orken
@astana_nvtp
#atameken35
#diucfvorken
#astananvtp