«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» онкүндігі
Бүгін 2024 жылдың 13 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде «Қауіпсіз балалық шақ» онкүндігі аясында мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларымен мектеп медбикесі З. Бекбауова кездесіп, төтенше жағдайлар орын алған жағдайдағы көрсетілетін алғашқы көмек түрлерімен таныстырып өтті. Сондай-ақ медициналық қобдишаның түрлері, пайдалану ережелері,жасанды тыныс алдыру жолдары туралы кеңінен таныстырды. Мектеп медбикесіне оқушылар медициналық қобдиша ішінде болатын дәрі-дәрмектерді қанша мерізімде ауыстыру керек? Қобдиша ішіндегі дәрі-дәрмек заттар арнайы стандартқа сай екендігін қалай анықтаймыз? Қобдиша ішінде болуы керек маңызды дәрі-дәрмектер өз елімізде жасалама…? деген сияқты өз сауалдарын жолдап,тиісті жауаптар алды.
#қауіпсіздік
#ерлік
#батырлық
#bilimastana
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq