«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»
2024 жылдың 12 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Қауіпсіз балалық шақ» атты балалардың қауіпсіздігінің он күндігі аясында білім алушыларға баланың жеке қауіпсіздігінің негіздерін, салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға, жол жүру және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар беру, қоршаған ортаға сәтті бейімделуге бағытталған ойын түрлері мен жағдаяттарды шынайы өмірге модельдеу арқылы қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында 1-11 сыныптар арасында:
1-4 сыныптарда «Жол қозғалысы ережелері және көшедегі қауіпсіздік» атты сынып сағаттары,
5-7 сынып оқушыларына арналған «Мектепке дейінгі қауіпсіз жол» атты квест ойыны,
8-11 сынып оқушыларына арналған «Мектепке дейінгі қауіпсіз маршрут» атты дөңгелек үстелдер болып (әңгіме) өтті. Өмір қауіпсіздігі жайында оқушыларға ақпарат берген сынып жетекшілері оқушыларға үнемі сақтық шараларын қолдану қажет етеді дегенді сөзге тиек етті. Жалпы қауіпсіз орта қалыптастыру үшін әр бала өз өміріне жауапкершілікпен қарауды бүгіннен бастау қажет.
#Ерлік
#Батырлық
#Қауіпсіздік
#Bilimastana
#әдістемелікорталық
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq