СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ
2024 жылдың 11 ақпан күні Астана қаласында өткен Astana KWF open республикалық турнирінде Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 9 «А» сынып оқушысы Жумабекова Аяулым жүлделі І орын иегері атанды. Дәл осы турнирде мектебіміздің 7 «А» сынып оқушысы Тукенова Диляра жүлделі І орын иегері атанды. Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қайрат Сиражиденұлы қос чемпионды құттықтап медаль, кубоктарын табыс етті. Жеңісті күндерің көп болғай. Біз оқушыларымызбен мақтанамыз🤗ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!