Skip to content

СӘКЕН ЖҮНІСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 90 ЖЫЛ 2024 жылдың 01 ақпан…

СӘКЕН ЖҮНІСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 90 ЖЫЛ

2024 жылдың 01 ақпан күні Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл толды. Осыған орай, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп – лицейі кітапханасында жазушының шығармашылығына арналған «Халқының ардақты ұлы – Сәкен сері» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Ақпарат сағатына 6 «Б» сыныбының оқушылары қатысты. Белгілі қазақ жазушысы Сәкен Жүнісов жан-жақты, парасатты, өнердің әрбір саласында өзінің ойып тұратын орны бар тұлға. Шара барысында оқушыларға жазушының өмір баяны мен шығармашылығы жайында ақпарат беріліп, замандастарының естеліктері туралы видеофильм көрсетілді. Жазушының шығармалары қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Асқан таланты үшін қазақ зиялылары оны Сәкен сері деп атаған. Сәкен сері, карикатуралар салған, домбыра, пианино, мандолин аспаптарында ойнап, ән айтқан. Шығармашылығын өлең жазудан бастап, прозамен жалғастырып, 117 пьеса жазған. Жазушының ең танымал шығармасы – «Ақан сері» дилогиясы. Романда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көшпенді қазақтың әлеуметтік өмірінің жарқын көріністері, тұрмысы мен әдет-ғұрпы суреттелген. «Аманай мен Заманай» шығармасында 1930-шы жылдардың дүрбелеңіне тап келген қазақ ауылдарының тағдыры оқиға етіп алынған. Оқиға ұжымдастыру кезінде жат жерге қоныс аударған қазақ ауылының жүдеу тіршілігінен бастау алып, шегіністер арқылы суреттелген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *