Skip to content

АШЫҚ САБАҚ 2024 жылдың 07 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы…

АШЫҚ САБАҚ

2024 жылдың 07 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде математика апталығына орай ашық сабақтар өткізілді. 8 Г сынып оқушыларымен алгебра пәнінен Квадраттық функция және оның графигі тақырыбында өткізілген сабақ жүйелі, жоспарға сай өтті. Білім алушылар белсенділігі айқын болып, бағалау критерийлерін жақсы түсінді. Сабақта «интервью», «сейф құпия саны» ойыны, «жұптас», «ойлан», «бөліс» әдістері өте қарқынды түрде қолданылды. Сабақ барысында Биманова Айжан Маратқызы АКТ мүмкіндіктерін өте жақсы деңгейде қолдана білді.

Математика пәні мұғалімі Мархаббат Құралайдың «y=ax^2+bx+c функциясының қасиеттері және графигі» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында миға шабуыл, ”Көршіңді сына”, ”қорапша”, «Card» әдістері мен learningApps.or және “word wall” бағдарламалары қолданылды. Сабақ соңында “Google forms” арқылы барлық оқушыларды бағалады. Ордабай Құралай Қожамұратқызы «Тригонометрия формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қосу формулаларын есеп шығаруда қолдануды мақсат еткен сабаққа 9 «ж» сыныбының оқушылары қатысты. Сабақта «Теңеу» әдісі арқылы формулаларды теңеу арқылы есте сақтау, wordwall платформасы арқылы «Кім жылдам?» сұрақ-жауап әдістері қолданылды. Оқушылар А, B, С, D эксперт топтарға бөлініп әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды талдады. Ұстаз кері байланысты оқушылардан Google форматта алды. Оқушылар өздерінің жетістіктері мен жіберген қателерін ауызша кері байланыс арқылы атап кетті.Сондай-ақ 9 сынып оқушыларын математика әлеміне қызықтыру мақсатында «Математикалық регата» ұйымдастырылды. Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы білімдерін көрсетті. Сабақ мақсаты оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға, жылдамдыққа негізделді. Оқушылармен деңгейлік тапсырмалар орындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *