Skip to content

МАҚАЛ-СӨЗДІҢ АЗЫҒЫ, ЖҰМБАҚ-ОЙДЫҢ ҚАЗЫҒЫ 2024 жылдың 2 ақпан күні мектебімізде…

МАҚАЛ-СӨЗДІҢ АЗЫҒЫ, ЖҰМБАҚ-ОЙДЫҢ ҚАЗЫҒЫ

2024 жылдың 2 ақпан күні мектебімізде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жоспары бойынша “Балалар кітапханасы” жобасын алға тарта отырып, “Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы” атты іс-шара болып өтті. Балалар жаттаған мақалдары мен жұмбақтарын сюжетті рөлдік, ертегі қойылымы арқылы жеткізді. Мақал-мәтел ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мағынасы терең, құны қымбат қазына екенін бүлдіршіндер ұғынып, іс-әрекеттерінде көрсете отырып мағынасын аша білді. Бүлдіршіндер ұлттық ойындар барысында да, ұлттық ою-өрнектерді құрастыруда да белсенділік көрсетіп, қызыға қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *