Skip to content

АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ БАЛАЛАРДАҒЫ ДЕРБЕСТІКТІ ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕГЕН 📌2024 жылдың 29 қаңтар күні…

АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ БАЛАЛАРДАҒЫ ДЕРБЕСТІКТІ ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕГЕН

📌2024 жылдың 29 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” мақсатында “DOSBOLLIKE” жобасы аясында аталар мектебімен ұйымдастырылған «Ата-бабаларымыз балалардағы дербестікті қалай тәрбиелеген» тақырыбында 4 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.

📌Кездесу мақсаты: халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған. Бітпес даудың бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған.

📌Ескіден қалған есті сөздің жаршысы бүгінгі кездесудің қонақтары Кусаинов Сабыр Омарбекұлын-Астана қаласы әкімдігінің Ардагерлер ұйымының төрағасы, Ералы Ануарбек Кайкенұлы- Астана қаласының Бас Биі, Оспанқажы Сүлейменұлы – ақын, сазгер, күйші, 57 жыл жас ұрпаққа білім берген, еңбек сіңірген ұстаз. Нұрболат Бекетаев-ақын , домбырашы, әнші, жазушы, Астана қаласы депутатының кеңесшісі, патриот аталарымыз болды.
Кездесу барысында оқушылар өнер көрсетіп, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алып, аталарымыздың өмірімен танысты.

📌Кездесуге аталарымыз да құр қол келген жоқ. Жазушы Нұрболат атамыздың авторлық өлеңін өзінің орындауында естісек, Оспанқажы Сүлейменұлы атамыз өзінің күйін домбырамен орындап бізді тәнті етті.

📌Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен ғанибет. “Жөнсіз сөз көңіліңді өшіреді, жөн сөз көңіліңді өсіреді”. Ардақ тұтып үлкенді, ата жолын жалғапты -дегендей оқушылар осы көрген, білген, естігендерінен үлкен ғибрат алатындары сөзсіз.

#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
Астана қаласының Білім басқармасы/ Управление образования города Астаны
Касымхан Сенгазыев
@Астана қаласының Әдістемелік орталығы
#Біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *