Skip to content

«ӘЛКЕЙ ӘЛЕМІ» МУЗЕЙЛІК ДӘРІС 2024 жылдың 31 қаңтар күні Әлкей…

«ӘЛКЕЙ ӘЛЕМІ» МУЗЕЙЛІК ДӘРІС

2024 жылдың 31 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздарына ҚР Ұлттық музейінде «Әлкей әлемі» атты музейлік дәріс болып өтті. Биылғы жылы елімізде көптеген ақын-жазушылардың, ғалымдардың мерейтойлары аталып өтуде. Солардың бірі – ғалым, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығы. ҚР Ұлттық музейі Әлкей Марғұланның өнегелі өмірін жастарға насихаттау, білімдерін жүйелеу мақсатындағы дәріске Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері Бейбіт Айнара Бейімбетқызы мен ҚР Ұлттық музейі «Қазақстан тарихы» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD Рахимов Ернұр Кендібайұлы сөз сөйледі. Дәріс барысында оқушыларға Әлкей Марғұлан туралы сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға «Мәдени мұра» атты кітап сыйға тартылды. Бабалар мұрасын, салт-санасын, әдеби туындылары мен дәстүрлі өнерін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру ретінде дәріс соңында оқушыларымызға музейге экскурсияға жолдама берілді. «ДосболLIKE» акциясы шеңберінде оқушылардың көмегімен «шығармашылық ынтымақтастық» бағытында шара ұйымдастырылды. Бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы позитивті қарым-қатынастың ең тиімді жолдарын іздеуде оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған.
#bilimastana
#oquagartuministrligi
#ulttyqmuzei
#dosbollike
#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *