Skip to content

Рухани Саяхат Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп тарихи деректермен таныстыру, болашақ еліміздің…

Рухани Саяхат

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп тарихи деректермен таныстыру, болашақ еліміздің нағыз патриотын қалыптастыруда тигізер пайдасы зор. Өз тарихын білмегеннің, тамыры тереңге жайылмас демекші, жас ұрпаққа қазақ елі үшін жандарын пида еткен зиялы қауым өкілдерін таныту, елім-жерім деп азаттықты аңсап кеткен алаш ардақтыларының өмір жолын баяндап беру мақсатында мектебіміздің ерікті экологиялық топ «ECO patrol» оқушылары қазақ әдебиетінің негізін құрушы, ақын және жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин мұражайына рухани саяхат жасады. Мұражай қызметкерлері оқушыларға ақынның өмір жолы,тар жол,тайғақ кешкен қиын кездері туралы баяндап берді. Жұдырықтай жүрегінде елім-жерім деген жалғыз ұранды серік еткен Сәкен Сейфуллинның өмір жолы қазіргі қоғамдағы жас буынға үлкен өнеге. Оқушылар мұражай бөлмелерін қызығушылықпен тамашалап көптеген тарихи деректермен және құнды жәдігерлермен танысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *