МЕНІҢ БАЛАМ – ДЕРБЕС ТҰЛҒА
Мектебімізде «Менің балам – дербес тұлға» тақырыбында өткен коучинг ата-аналар үшін нәтижелі болды. Әр жылдары мектеп бітірген түлектеріміз арнайы келіп қатысып, ата-аналармен тілдесті. Айтуларынша, кезінде мектепте алған білім, тәрбие үлкен өмір жолында мол пайдасын тигізді, тіпті кейбір түлектеріміз әлдебір пәнді жақсы меңгеріп, негізгі жұмысынан бөлек, жеке білім беру орталықтарында еңбек етіп, табыс табуда. Жалпылай айтқанда, түлектеріміздің тұлға болып қалыптасуда, қоғамда өз орнын табуда ұстаздардың берген қазақы тәрбиесі, Әлкей Марғұлан мектебінде өткен небір қоғамдық шаралар оң ықпал етті.
#білімбасқармасы
#астанақаласыныңәдістемелікорталығы
#астанадарыныорталығы
#оқуағарту_министрлігі